Weekend
Қазақ мүшел жасқа толған жылы той жасамаған. Себебі неде?
Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Қазақ халқы мүшел жасты қатерлі кезең деп санаған. Сондықтан, мүшел жастағы қауіп-қатерден сақтану үшін түрлі ырымдары да болған. Қазақ даналығы бойынша, мүшел 13 жастан басталады. Кейін адам әр 12 жыл сайын мүшел жасқа толып отырады.
Астрономия ғылымының айтуы бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бары анық.
Ал 25 жаста неге үйленуге болмайды? Қазақ есебінде 25 жас екінші мүшел саналады. Бұл жасқа толған азаматтың ақыл-ойы да, сана-сезімі де біршама дамыған шағы.
Қазақ мүшел жасқа толған жылы той жасамаған. Яғни, 25, 37 және 49 жастарда үйленбеген. Бір жыл күтіп, сосын ғана отау құрған. Бұл жаста қыз да ұзатылмайды, енші бермейді және алмайды. Мүшелде той болса, оның қайыры болмай, мал дүниесі шашылып, берекет кетеді деп ойлаған.