Саясат
Оған наразылық акциялары әсер етті
Бір ай бұрын елде президенттік сайлау өтті. Индонезия халқы сайлауға барынша белсенді қатысты. Сайлауда Джоко Видодо 55,5 пайызбен жеңіп шықты. Ол бұған дейін ел басқарған болатын. Ал қарсыласы Прабово Субианто 44,5 пайыз алды. Алайда халық бұл сайлау нәтижелеріне қанағаттанбай, наразылық акцияларын өткізді. Ел астанасы Джакартада жүздеген мың адам қатысқан ереуілдер өтті. Құқық қорғау органдарымен қақтығыс барысында 12 адам қаза тауып, 274 жан жарақат алды. Мыңнан астамы тұтқындалды. Халықтың ашуына сайлау нәтижесімен бірге, дауыс санаушылардың қазасы да тиген. Өйткені дауыс санау барысында 450 адам әлсіреп, көз жұмған.
Ендігі таңда аталмыш жағдайларды зерттей келе, Индонезияның сайлау басқармасы дауыстарды қайтасанап, сайлау нәтижесін қайта қарастыруы мүмкін екендігін жариялады. Мұндай қадамға баруға елде болған наразылық акциялары мен тәуелсіз сараптама нәтижелері әсер еткен.