Weekend
Мьянма қыздарына үйлеу үшін, заң тәртіп бойынша әрекет ету керек
Global Times хабар агенттігінің хабарлауынша, жақында Қытайдың Мандалайдағы бас консулдығының ресми сайты соңғы уақытта болған трагедиялық оқиғалар жайында хабарлама жасады: «Қытай азаматтары Мьянма заңын түсінбегендіктен, Мьянмаға барып қалыңдық іздейміз деп Мьянмадағы “неке заңын” бұзғаны үшін қатаң жазаға тартылған».
Хабарламада бас консулдық Мьянмадан қалыңдық іздемекші болған Қытай азаматтарына ол жаққа бармас бұрын жақсырақ дайындалып Мьянмадағы неке туралы заңдар мен ережелерді алдын-ала түсінуді және жергілікті әдет-ғұрыптарға құрметпен қарауды ескерткен.
Агенттік тілшісі жуырда Қытай әлеуметтік сайттарындаМьянмаға барып қалыңдық іздеу туралы жарнама түріндегі видео бейне таралғанын жазды.Аталған Бейнебаянда Мьянма қызы - нәзік, мейірімді, еңбекқор етіп бейнеленген. Ұйлену үшін қалыңмал қажет еместігі, Мьянма әйелінің еңбек істеп жүргені,қытайлық жігіттің дем алып жатқаны көрсетіледі».
Қытайдың Мандалайдағы бас консулдығы Мьянманың көпұлтты және көп дінді ел екенін, және Мьянмадағы неке туралы заңда әртүрлі діни топтар арасындағы некеге қатысты әр түрлі ережелер бар екенін атап өтті. Бас консулдық қытайлық азаматтарға жоғарыдағыдай трагедияны болдырмас үшін Мьянма қыздарын әйелдікке алғанда заң-тәртіп бойынша әрекет ету керек деп ерекше ескетті.