Weekend

"Жол жоқ" қандай фильм?

Америкалық режиссердің фильмінде қазақстандық жас актерлер ойнады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Жол жоқ»/«No Exit» - халықаралық дәрежедегі үрейлі фэнтези. Продюсерлер құрамында америкалық Сара Луиз Уилсон, Дарио Кирола, қазақстандық Айгүл Сыдықова бар. Фильмнің режиссері және сценарий авторы - Сара Луиз Уилсон. Жобаның өндірісіменқазақстандық ActionLab тәуілсіз арт-студиясы және ливандық Littletree Films компаниялары айналысты. 

СюжетіДанияр есімді жас жігіттің төңірегінде өрбиді. Ол араға біраз уақыт салып туған қаласына оралады. Басты кейіпкер бұл жерде тұрғындардың бойынан өзгеріс байқайды. Анасы оны күнде сүт ішуге мәжбүрлесе, інісінің жағдайы нашарлап кеткен. 

«Жол жоқ» картинасы фестивалге де қатысып үлгерді. Калифорниядада өткен Mammoth Lakes Film  Festival фестивалінде үш бірдей жүлдеге ие болды: көрермендер көзайымы жүлдесі, үздік шетелдік баяндау фильмі үшін құрметті сыйлық және Panavision Award жүлдесі.

Бұл жобаға«Қазақфильм» киностудиясы қызығушылық танытып отыр. Ұлттық киностудия осы фильм негізінде телевизиялық сериал түсірмекші.