Weekend

Рорайма тауы туралы не білесіз?

Әлемдегі ең көрікті жерлердің бірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Рорайма тауы – Венесуэлада орналасқан тепуи (тегіс тау). Оның биіктігі - 2810 метрді құрайды. Ол Бразилия, Венесуэла және Гайананың тоғысқан жерінде орналасқан. Үстінің аумағы - 30 км квадратты құрайды.

Жергілікті үндістер оны "жер кіндігі" деп атап, қасиетті жер деп ойлайды. Ұзақ уақыт бойы бұл тау туралы ешкім білмеген және оны ешкім зерттемеген. 

Бұл тау, 2009 жылғы Pixar студиясы шығарған "Вверх" мультфильмі мен Артур Конан Дойлдың "Жоғалған әлем" атты романында көрініс табады. 

Жыл сайын мыңдаған туристер мен саяхатшылар осы жерге келіп, таңғажайып көріністермен тамсанады. Шынымен бұл жер, өз күшіңді, уақытыңды және қаражатыңды жұмсауға лайықты.