Саясат
Ей, Жека қайтсай немесе өзіңді сақтау инстинктісі
Қазақстан қоғамын 30 жылдан кейін демократия желі есті. Бұл суық жел міндетті түрде автократиялы қоғамның аспанынан өтпей қоймайтын. Ал, желдің дауылға айналмауын немесе мемлекетте хаустың орнамауын «уже» билік шеше алмайды. Шешуге тырысады, алайда, қоғам сауатты, парасатты болмаса биліктің кез-келген дұрыс реформасы қабылдаусыз қалады. Тарихта революцияның соңына дейін бармаған кезі некен-саяқ.
Ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, әлеуметтік желі қолданушыларының санының күрт өсуі, «тәшкен көрген» адамдардың санының артуы демократиялық үдерісті жеделдететіні сөзсіз. Сондықтан да біздің бүгінгі жағдайда – реформаның ең озық, ең ашық және ең жылдам нәтижесін беретін түрі қолданылмаса, биліктің тізе бүгетіні сөзсіз. Бұл жерде билік ауысса – нәтиже өзгереме деген сұрақ пайда болды. Бүгінгі кардлық резервте мемлекет басында үлкен реформалар жасай алатын, оған қоса халықты артынан ерте алатын тұлға тапшы. Дәлел сұрасаңыз 3 күн бұрын кезектен тыс өткен Президент сайлауын қараңыз. Бүгінгі биліктің бар қатесі – себеппен емес, салдармен күресу. Ғаламторды бұғаттау жоғарыда айтқаныма дәлел емес пе? Қанша жылдан бері «Тұрақтылық» - атты вирусты халықтың миына сіңдіруге тырысты, алайда, ақпараттың ашықтығы бұл өтіріктің артын ашты.
«Кедейлер революцияны талап етеді, революция кедейлікті жоймайды» - деген саясат термині бар. Келіспесе болмайтын термин. Аргумент айтайын, Сирия мен Ливия. Бұл қорқыту емес, ішкі қорқыныш. 18 млн ғана халқы бар мемлекет, революция жасап, қан төгуге асықпауы қажет. Адами ресурстарымыз мүмкіндік бермейді. Азбыз. Бүгінгі қазақстандағы саяси проблемаларды – қазақтың бір-біріне туыстығы, құда-жегжаттығы һәм бауырмалдығы құтқаруы мүмкін. Оған дәлел ғаламторда тарап кеткен: «Жека, қайтсай зайб...л» - деген видео. Одан нені аңғаруға болады, қазақ бауырмал, өзі қарсы тарапта тұрса да – бауыр деп жаны жылап тұр. Бұл тек бір ғана бейнеге түсіп қалған жәйт, мұндай оқиғалар қаншама. Тарихтан 1917 жылғы азаматтық соғысты білесіздер. Атасына қарсы оқ атқан немере, баласына қылыш сермеген әке. Лайым, бұл оқиға қайталанбаса дейсің. Алайда, Отаныма қызмет етем деп Ант еткен әскер, ертең бауырына, әкесіне, анасына оқ атпайды деуге сенуге болмайды. Жаңаөзен есіңізде ғой. Қайтпек керек?
Сабыр сақта десең, билік өзгермейтін сияқты. Көшеге шық десең арандап қалуың бек мүмкін...Бір ғана жол – жаңа Президентке уақыт беру. Елбасының саяси жолы аяқталды. Енді ол қанша қаласада уақыт оны ұмыттырады. Уақыт бәрін орнына қояды. Аман болайықшы.