Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
"Бүгін халықты, ең алдымен, не мазалайды? Ең бірінші, азаматтар барлық жерде әділдік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап, мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді. Табыс көлемі азайды. Бұл халықты толғандырып отырған басты мәселе", - деді мемлекет басшысы
Тоқаев халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы мен теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер еткенін атап өтті.
"Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық – біздің қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Сондықтан дәл осы өткір әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет", - деді президент.
Ол қазақстандықтар өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірдей қуанып, мақтан тұту үшін экономкалық өсім болуы тиіс екенін қадап айтты.
"Басты бағыт – халықтың табысын арттыру. Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет екенін терең түсінуіміз керек. Таяу арада үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты міндеттерді айқындаймыз", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен, келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет.