Weekend
"Қара киімділер" жаңа актерлік құраммен шықты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБүгін «Қара киімділер» фантастикалық экшн-комедиясының жалғасы, «Оскарлы»Октавия Спенсеройнаған үрейлі триллер, биыл Антонио Бандерасқа Канн фестивалінде жүлде алып берген драма, бөгдепланеталықтармен соғыс туралы фантастикалық картина және көпшілікке Қысқы Жауынгер рөлімен белгілі Себастиан Стэннің қатысуымен детектив-драма шықты.
«Қара киімділер: Интернэшнл» («Люди в черном: Интернэшнл» /«Men in Black International») [16+]: Әйгілі«Қара киімділер» франшизасының жаңа бөлімі. Бұнда Уилл Смит пен Томми Ли Джонс жоқ - мүлдем басқа актерлер ойнайды және оқиғалары да жаңа болады.
Жаңа нұсқада басты рөлдерде осыған дейін «Тор: Рагнарёк» кинокомиксінде бірге жұмыс істеген Крис Хемсворт пен Тесса Томпсон ойнайды. Сондай-ақ актерлік құрамда Ребекка Фергюсон, Лиам Нисон, Эмма Томпсон, Кумэйл Нанджиани бар. Фильмді Ф. Гэри Грей («Комптонның тура өзінен», «Форсаждың тағдыры»)түсірді.
«Ма» [18+]: «Оскарлы» актриса Октавия Спенсер ойнаған үрейлі триллер. Негізгі сюжет бір топ жас ұл-қыздың төңірегінде өрбиді. Қызық қуып қыдырып жүрген олар көшеде мейірімді әйелмен танысады. Әйел оларды үйінің жертөлесіне алып келіп, сауық-сайран құруға рұқсат етеді. Маның тек бір тілегі бар: ешқашан оның бөлмесіне кіруші болма. Бірақ жастардың әуестігі бұл ереженің бұзылуына әкеледі.
«Күйініш пен даңқ» («Боль и слава» / «Dolor y gloria»)[18+]: испан режиссері Педро Альмодовардың драмасы. Басты рөлде ойнаған Антонио Бандерас биыл Канн кинофестивалінде үздік актер атанды.
Фильм талайды көрген режиссер Сальвадор Маллоның естеліктері жайында. Оның естеліктерінде махаббат пен сезім, жетістік пен жоғалту бар. Осылардың бәрінен ол басты өмірлік сұрақтарына жауап іздейді.
«Тұтқындағы ел» («Битва за Землю» / «Captive State»)[16+]: Руперт Уайаттың фантастикалық триллері.
Сюжетте Жерге келіп, билікті өз қолына алған бөгдепланеталықтар туралы айтылады.
Бөгдепланеталықтардың Жерді жаулап алғанына 9 жыл өтеді. Халықтың бір бөлігі келімсектермен мәмілеге келіп, соларға жұмыс істейді. Басқа бөлігі қарсылық танытып, астыртын әрекет ететін ұйымдарға бірігеді.
«Біз қашан да қамалда тұрғанбыз»(«Мы всегда жили в замке» / «We Have Always Lived in the Castle») [16+]: Таисса Фармига, Александра Даддарио және Себастиан Стэн түскен америкалық драма-детектив.
Фильмде қашқынға айналған Блэквултар отбасының оқиғасы туралы айтылады. Апалы-сіңлілі қыздар мен олардың сырқат ағасы жабық әлемде өмір сүруде. Бірде олардың тыныштығын арнайы іздеп келген бөле бұзады.
Сонымен қатар, «Космическое приключение» («Kun ta: Fan zhuan xing qiu») деген Қытай мультфильмі прокатқа шықты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61