Hi-Tech

Илон МАСК: «Егер бір нәрсе ойлап тапқыңыз келсе, физиканың принциптеріне сүйеніңіз»

Шынайы өмірдің «Темір адамы» атымен белгілі Илон Маск небәрі 46 жасында таңғажайып табысқа қол жеткізді. Ол бала күнінен ғаламтор бизнесінің қыр-сырын жетік меңгеріп, 23 жасында миллионер атанды. Оны әлем елдері Стив Джобс, Билл Гейтс сынды қаһармандардың ізбасары деп санайды. Ол ойға келмейтін идеяларды жүзеге асырып, адамзаттың өміріне үлкен өзгерістер енгізуде . Оның жобаларының ішінде ең танымалы – «Tesla» электромобилі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Отбасы

Илон Маск 1971 жылы 28 маусымда Оүтүстік Африканың Претория қаласында дүниеге келген. Илонның есімін ата-анасы швецариялық немістерден тарайтын арғы нағашы атасы Джон Илон Халдеманның құрметіне қойған. Анасы Мэй 15 жасынан бастап модель болып жұмыс жасаған, тіпті «Оңтүстік Африка аруы» байқауында финалистер қатарында болған. Негізі мамандығы – диетолог. Ал әкесі Эррол сыйлы отбасынан шыққан табысты инженер әрі теңізші, ұшқыш болған. Ата-әжесі – Оңтүстік Африкадан Австралияға бір моторлы ұшақпен ұшқан тұңғыш адамдар. Илонның әке-шешесі бала кездерінен бір ауданда тұрған. Эррол жеті жыл бойы өзі бала күнінен ғашық Мэйдің жүрегін жаулауға ұмтылады. Ақыры 1971 жылы екеуі үйленеді. Сол жылы тоғыз айдан соң Илон, 1972 жылы інісі Кимбал, 1974 жылы қарындасы Тоска дүниеге келеді. Ал 1979 жылы ерлі-зайыптылар ажырасып кетеді.

Бала Илон

Бастапқыда Илон анасымен бірге тұрады.Сосын әкесінің жалғыз көңілсіз, жабырқау жүргенін көріп, демеуберу үшін оның жанына келеді. Көп ұзамай інісі Кимбал да келеді. Алайда олар бұл шешімдеріне өкініп жүріпті. Өйткені әкелері Эррол мінезі һте ауыр, талапшыл адам болатын. Илон балалық шағын былай еске алады: «Әкеміз бізді жиі жазалайтын, тырп еткізбей отырғызып қойып сағаттап ақыл айтатын. Сырт көзге балалық шағым қызықты өткендей көрінеді. Бірақ өзім бақытты бала болдым дей алмаймын...»

Илон өте тұйық бала болған. Өзімен-өзі үнсіз жүргенді ұнататын. Соған байланысты ата-анасы оның бойында аутизм дерті болуы мүмкін деп қорыққан. Бала Илон кітапты өзінің серігі санады. Демалыс күндері 2-3 кітапты оқып бітіре алған.Есте сақтау қабілеті өте жоғары деңгейде дамыған, энциклопедиялық кітаптарды сүйіп оқитын Илон мектепте оқудан озат болды. Өзгелермен сөйлесіп, араласпайтын. Сол себепті өзге балалар тарапынан оған қысым көрсетілген. Бірде мұрны сынса, енді бірінде үсті –басы қан болып келетін. Илон бала кезінде ата-ансын сирек көретін. Үйде жалғыз қалғанда түрлі қауіпті тәжірибелерді жасайтын. Ол өскен кезінде осы қылығын қорқынышпен еске алады. Әкесі баласының өзге балалардан өзгеше екенін байқап, оған түрлі сұрақтар қоятын болған. Мысалы, «Әлем қай жерден басталып, қай жерден аяқталады?» деген сияқты сұрақтар. Әке тәрбиесін көріп, онымен тұру қиын болғанмен, көп нәрсені үйренеді. Ол сапалы мектепте оқып, ғылымға жақын болады. Әкесінің жұмысына барып, құрылысшы болып үйлердің кірпішін қалайтын. Эрролдың бірнеше үйі мен жылқы фермасы болған Сол себепті олар әкесімен жиі саяхаттап түрған.

Илон 10 жасында Commodore VIC-20 комьютеріне ие болады. Әкесі ұлының киберкеңістік пен және компьютер әлемімен алғаш танысқан күнін ешқашан ұмытпайтынын айтып жүреді екен. Илон компьютерлер енді пайда бола бастаған кезде, әкесінен өзін компьютерлік курстарға апаруын, көп нәрсені үйренгісі келетінін айтқан. Англиядан келген ғалымдардың курсы жүріп жатқанда әкесі 11 жасар Илонды кішкентай деп, жібермеген. Бір күні әкесі Илонды Йоханнесбург университетінің дәрісіне ертіп апарады. Сол кезде бала Илон мамандармен емін-еркін сөйлесіп тұрған. Бір профессор әкесіне : «Мына бала міндетті түрде компьютермен жұмыс істеуі керек » деп айтқан.

Маск 1988 жылы орта мектепті бітіріп, Претория университетіне оқуға түседі. Ол газет арқылы бақылап отырып, фармацевтикалық компаниялардың акцияларына өз қаржысын салатын. Сол арқылы бірнеше мың доллартабыс тауып, 18 жасқа толарында Канадаға жол тартады. Оған болашаққа қатысты ой-армандары себеп болды.

«Tesla»компаниясы

Tesla компаниясы 2003 жылы құрылған. Экологиялық таза электрмобильдерді ойлап табумен және жасап шығарумен айналысады. Илон Маск ресми негізін қалаушысы болмағанымен, идеялық шабыттандырушы және алғашқы инвесторы (70 млн.доллар). Мұндай қомақты қаржы өзге компаниялардың назарын нарыққа шыққан жаңа компанияға аударды. Алғашқы өнім- Tesla Roadster электрмобилі 2008 жылы сатылымға шықты. 2016 жылы маусымда Маск Tesla және SolarCity компанияларын біріктіру жөніндегі жоспарын ұсынды. Ондағы мақсаты – өзінің ең ірі энергетикалық жобаларын бір қанаттың астына алу. Көп ұзамай, тамыз айында 2,6 млрд. Долларға келісімшарт жасалды. Ал 2017 жылы Tesla Model 3 электрмобиліне алдын ала тапсырыс берген 30 тұтынушы жаңа электромобильдің кілтіне ие болды.

Жеке өмірі

Илон Маск бірінші жұбайы танымал жазушы Жюстин Уилсонмен Канадада Кингстон университетінде танысқан. Жюстин Илоннан 1 жасқа үлкен болған. Содан болар, оған онша көңіл бөлмеген. Университетті бітіргеннен соң, екеуі екі жаққа кетіп, ақыры 2000 жылы үйленеді. Сол жылы олардың бірінші баласы Александр Маск дүниеге келеді. Алайда он апталығында шетінеп кетеді. Олар 2004 жылы ЭКО жолымен егіз Гриффин және Дэмиан атты егіз ұлдарын дүниеге әкеледі. 2006 жылы тағы да сол ЭКО процедурасы арқылы 3 баланың ата-анасы атанады. 2008 жылы Жюстинмен ажырасып кетеді. 2010 жылы қыркүйекте бизнесмен Татула Райлиге үйленеді. Алайда махаббат дастаны бірнеше кезеңдерді бастан өткереді.