Саясат

АҚШ-Ауған бірлескен күштері өз адамдарына оқ жаудырған

НАТО-ның әуе шабуыл күштері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

RT ахбарат агенттігінің мәліметінше,Маусымның 12-ші күні Америка-ауған ерекше мақсаттағы бірлескен қосыны Ауғанстанның Кундуз облысында шарлау жүргізу барысында олар  белгісіз бір қарулы топ арасында қарулы қақтығыс орын алған. АҚШ-тың ауғанда тұратын әскери бөлімінің өкілі  Батлердің айтуына қарағанда, қақтығаыстың сұрапыл болғаны соншалық, атысқа төтеп беру үшін олар НАТО-ның әуе шабуыл күштерін көмекке шақыруға мәжбүр болған.

Алайда Батлердің айтуынша, қарсы тарапты күшпен бастырғаннан кейін олардың  Ауған қауіпсіздік күшінің тағы бір тармағы екенін бірақ білген. Ол бұл жолғы қақтығыс Ауған қарулы әскерлерінің өліміне әкеліп соққанын айтты, бірақ нақты қанша адамның қаза тапқанын жарияламады. Тек бұл оқиғадан зардап шеккендердің ішінде Америка әскерлері жоқ екенін ғана мәлімдеді.

Батлер: «АҚШ пен Ауғанстанның қауіпсіздік күштері осыған ұқсас оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін кең ауқымды жоспарлау және үйлестіру жұмыстарын жүргізді», - деді. Сонымен бірге ол мерт болғандарға  өкініш білдірді.

RT агенттігінің мәліметіне сүйенсек, осыдан бір ай бұрын, яғни 16-мамыр күні осыған ұқсас қателесіп одақтас кнштермен қақтығысып қалу оқиғасы болған еді. Ол кезде Ауғанстанның Хелманд провинциясында Америка Құрама Штаттарының әуе шабуылы салдарынан кем дегенде 17 жергілікті полиция қызметкері өліп, 10-нан астам адам жарақат алған болатын, оған Ауғандық әскери күштердің одақтас қосындарын «Талибан» содырлары деп қате тұжырым жасағаны себеп болған. RT ахбарат агенттігінің мәліметінше осыған ұқсас жағыдай бұған дейінде талай рет қайталанған.