Спорт

Күнде сергек жүру үшін жасалатын спорттың 3 түрі

Спорт – денсаулық кепілі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жарқын болашағыңыздың кепілі – жақсы шұғылдана білген спортта десек артық айтпағандығымыз болар. Қазіргі таңда екінің бірі дерлік спортпен шұғылдана деу біз үшін артықтық етер. Себебі, қызу қарбадастың арасында жүріп жұмыс пен жеке өмірді қатар алып жүру көпшілігіміздің қолымыздан келе бермейді. Қолдан келмеу емес,уақыт тапшылығы одан қалды өзіндік әлсіздік жол бере бермейді деу жарасатын сияқты. Дегенмен, өзіндік менін жеңіп, спортпен шұғылданып жеке бас денсаулығын бірқалыпты деңгейде ұстап жүрген  азаматарымыз бен азаматшаларымыз жоқтың қасы емес-ті.

Соңғы уақыттарда шығыс не батыс елдерінде көптеп тарап жүрген спорт түрлері біздің елде де кең етек алуда. Солардың бірегейі – йога. Иә, кезінде түсініксіздік тудырған бұл спорт түрін қазіргі таңда қарапайым халықтың көпшілігі жақсы меңгерген. Икемділік  пен сабырлықты қатар ұстауды, тынышты серік етуді үйрететін бұл спорт түрімен әйгілі  кино жұлдыз- Мадонна да шұғылдана білгендігін атап өткеніміз артықтық етпес.


Серфинг – еліміздің табиғатына сай келе қоймайтын бұл спорт түрін ұнататын оқырмандарымыз табылып қаларына сенім артамыз. Теңіз толқындарына қарсы жүзіп өзіндік адреналин алатын бұл спорт түрі тек қана жүйке жүйесіне емес, сол іспесттес адам денсаулығынапайдасы көптігі де жыл сайын дәлелденуде.Жұлдыздар арасында бұл спорт түрін шынайы жақсы көрушілер ретінде, актриса Кэмерон Диаз бен әйгілі әнші Рианнаның есімін атап өте аламыз.


Триатлон –  аты айтып тұрғандай үштіктен құралған спорт түрі. Үштік дейтін себебіміз бұл спорт түрінде қатысушылар суда жүзу, велосипед және жеңіл атлетика яки жүгіру арқылы  өз бақтарын сынайды. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін  бұл спорт түрінің қолдаушылары көптеп табылады. Денсаулыққа пайдалылығымен қатар бұл спорт түрінің тағы бір көмегі артық салмақтан арылу. Үздіксіз қимылдардың арқасында қатысушы өз денсаулығын қалыпқа келтіріп алу мүмкіндігіне ие. Танымал жұлдыздардың арасында бұл спорт түрінен өз кезегінде жақсы көрсеткіштерге ие болып жүрген -Джей Ло. Жұлдыздың айтуы бойынша, денсаулығын қалыпқа келтіре отырып, бұл спорт түріне деген қызығушылығының артқандығы.