Weekend
Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді
Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді. «Көктал орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді.
«Қазіргі уақытта Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз», - деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Арман Юсупов.
Айта кету керек, бүгінде Панфилов ауданында орта білім беретін 50 мектеп бар.