Саясат
Нұр- Сұлтан қаласы
Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласына әкім болып тағайындалған Алтай Көлгінов қала тұрғындарына мәлімдеме жасап үлгірді. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды. Осыған дейін негізгі әлеуметтік желілердің бәрін қамтыған басшы Facebook-тен де парақша ашқаны туралы жария етті.
"Құрметті достар! «Twitter» және «Instagram»-нан бөлек, қолданушысы көп «Facebook» әлеуметтік желісінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым.
Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер – тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз.
Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қарастырамыз.
Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Қаламызды жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық!", - дейді Алтай Көлгінов өзінің жазбасында.