Саясат
ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды
Үкімет басшысы Асқар Мамин Күләш Шәмшидиноваға жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
"Күләш Ноғатайқызы тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты", — деді ол.
Мамин Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды. Ол Асхат Аймағамбетовтың білім беру саласында тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Асхат Аймағамбетов түрлі жылдары Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.
Еске сала кетейік, Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып төрт айдай ғана жұмыс істеді. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 25 ақпанында тағайындалған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілері қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кетуі керек екенін айтты. Жыл соңына дейін бұл норманы заңға енгізу жоспарланып отыр.