Саясат
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы митинг
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Бәріміз түсінуге тиіспіз, сайлау – бүкіл халықтың саяси белсенділігін туғызатын қуатты катализатор. Әлбетте, президентті таңдай отырып, адамдар болашағына таңдау жасайды. Сол себепті сайлаудың қорытындысына бей-жай қарай алмайды. Осы энегрия қорытындыны жариялағаннан кейін халықтың эмоциясына айналып, пикеттер мен демонстрацияларға ұласады", - деді Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" (Ашық әңгіме) бағдарламасында.
Оның айтуынша, демонстрациялар бүкіл елде болып жатады. Министр мысал ретінде Ресей, Франция, Түркия, АҚШ және Латын Америка елдерін атады, бұл мемлекеттерде де ондаған мың азамат көшеге шығып, полициямен қақтығысып, ұсталған болатын.
"Сондықтан Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелеріне бірнеше жүз наразылық білдірушінің шығуын әдеттен тыс деп қарауға болмайды, бұл – қалыпты жағдай. Айтарлықтай дәнеңе болған жоқ", - деп министр атап өтті.
Ол еске салғандай, сайлаудан бір күн бұрын Бас прокуратура қазақстандықтарға мәлімдеме жасап, 9 маусым күні заңсыз жиындарға қатыспасын деп ескертті. Бұл шара сайлаудың тыныш өтуі үшін қолданылған еді
"Алматыда түнде жастар қоғамдық тәртіпті бұзды. ІІМ колл-орталығына сол ауданда тұратын қарапайым тұрғындардан 1,2 мың шағым түскен, олар жиналғандарды тыныштандыруды сұрады. Шыны керек, жұрт шошып кетті", - дейді Абаев.
Министрдің айтуынша, "полиция кей жерде, бәлкім, артық кеткен шығар, бірақ тәртіпті сақтап, көшедегі тыныштықты қамтамасыз етті, зорлық-зомбылық пен оның күшеюіне жол бермеді".
"Бұл – полицейлеріміз атқарған ауқымды жұмыс. Еуропалық бақылаушылардың бірі ғой деймін, өте дұрыс нәрсені айтты: Қазақстанда наразылық акциясы мәдениетін де, оған жауап беру мәдениетін де көтеру керек", - дейді Дәурен Абаев.
Ол атап өткендей, митингілерге қатысты президенттің мәлімдемесі - осы бағыттағы алғашқы қадам.
Еске сала кетсек, 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға наразылық акциясы өткен жерлерде кездейсоқ ұсталған азаматтарды босатуды тапсырды.
13 маусымда Бас прокуратура хабарлағандай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында митингілерге қатысқаны үшін мыңға жуық адам ұсталды, 13 маусымдағы ахуал бойынша екі қалада әлі 180 адам қамауда отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61