Weekend

Әлемдегі ең алып ағаш

Секвойя ағашы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ең биік және ең ұзақ өмір сүруші ағаш (олар 4000 жыл және одан да көп) — Секвойя. Ол  Солтүстік Америкада өседі. Бұл ағаштарды америкалықтар тек XIX ғасырда ғана тапты. 1833 жылы Леонард  Сьерра Невада тауларында биіктігі жүз метрлік ағашты кездестіріп, ол жайында кітап жазады. Бірақ, кітап ешкімді қызықтырмады, оқырмандар автордың қиял ғажайып әлемі деп қабылдады. Бірақта арадан жиырма  жыл өткеннен кейін, бұл жерлерге алтын іздестірушілер келеді. Дауд есімді жігіт жараланған аюды қуып жүріп, үлкен қорған секілді тұрған ағашқа тап болады. Аңшы қайтып келіп, таңғаларлық ағаштарды көргенін айтқанда оған жолдастары күледі, ешкім оның сөзіне сенгісі келмейді.

Содан кейін Дауд қулық жасап, үлкен аюды өлтіргенін айтады. Осы кезде барлық аңшы орманға жүгіріп барып, аюды көрмекші болғанда алып ағаштарды кездестіреді. Адамдар оның қасында құмырсқалардай  болып көрінеді. Бұл  көрініс таңғажайып еді. Сол уақыттан бері бүкіл Америка ғаламат ағаштардың бар екеніне сенді, барлығы секвойяны іздестіре бастады.

Барлығы 72 ағаш тұқымы табылды. Олардың әрқайсы «ескі бакалавр», «үш апалы-сіңлілі», «шахтердің саябағы», сондай-ақ «шабандозға кіре алатын қыл-қыбыр ағаштар», «атпен жүру мектебі» т.б деп аталды. Онда жазушы Марк Твеннің есімімен аталған секвойя ағашы  бар. 

Қазіргі таңда бұл  аймақты шаруашылыққа айналдырғыс келген  кәсіпкерлер  бақшаларды сатып алып, туристерге саяхат ретінде ұсынып, ақша табуға кіріскен. Ол жерден жылқы вагоны еркін жүріп бара жатқан көліктегі туннель кескінін көруге болады. Бұл туннель қазір де бар. Жерге  қазір асфальт төселіп, автокөліктер жүреді. Әдетте, қабығы жоқ ағаштар өліп кетеді.

Хантер Смит бір рет секвойяның маңынан үлкен саңылау тапты. Ол орманда өрт шыққан кезде пайда болған. Өрт 35 метрлік торды өртеп жіберген. Смит сол жанған қуысты тамашалап, сол жерге қоныстанып алады. Осылайша, ол үш жыл бойы өзінің теңдесі жоқ пәтеріне ие болды. Бірақ бірде қатты дауыл соғады. Аңшы саңырауқұлақ сияқты қуысқа тығылып алған болатын. Соңғы мыңжылдықта болмаған дауылдан көптеген ағаштар құлап жатты. Ал , секвойя ағашы құламай  аңшыға  тамырының тереңдігінен хабар берді.   

Жаңа ағаштар өте сирек кездеседі. Алайды көп жыл өмір сүрген бұл ағаштардың шіріп, жоқ болғанын ешкім көрген емес. Калифорния штатындағыҰлттық парктің басты орманшысы  Росс: «Ешкім секвойяның  көп жыл  өмір сүріп, өздігінен өлгенін көрген емес. Тек, жерге құлап, шіріп жоқ болғаны демесеңіз. Тіпті оның өзі, табиғи апаттан құлаған болатын», — деген.  

Тарих деректері бойынша, Викингтердің қайықтары Американың жағалауына жеткенде, бұл ағаш тұрған болатын. Колумб кезеңінде ол қте мықты болған екен. Америкадағы мұражайда ағашты дөңгелетіп кесілген кескіндері сақтаулы. Онда ағаштың сақиналарынан оның қаншалықты көп жыл өмір сүргенін білуге болады. Оның әрбір сақинасына АҚЩ тарихи оқиғалары жазылған. Әрбір қоңырау Құрама Штаттарының өмірінде орын алған күндер мен оқиғаларды белгілейді. Бір сөзбен айтқанда, осы ағаштың көзі, оның ұлылығы мен жасы, адамдарға құрметпен қарауын талап етеді. Өкінішке орай, ағашты электр араларымен кесіп, кейде тіпті динамитпен жаратын кездері жиі орын алуда. «Әлемдік ағаштың» денесінен ойып жасалған түйіндер туристердің көмегімен оңай сатылады.