Weekend

Қазақстанда некелескен төрт жұптың үшеуі ажырасады

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 27,9 мың адам некелескен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 27,9 мың адам неке құрған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8% -ға аз. Сонымен бірге қалалық және ауылдық жерлердегі шаңырақ көтеру көрсеткіші әртүрлі болып келеді.

Қала тұрғындарының үлесі 67 пайызды, ауылды аймақтар 33 пайызды құрайды.

Еліміз бойынша ажырасудың үлесі 2,7 пайызға азайғанымен, қалалықтар үшін статистка төмен көрсеткішті көрсетіп тұр. 

Өткен жылы елімізде 137,8 мың неке тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға аз. Қалалық тұрғындардың көрсеткіші 68,3 пайыздан 69,6 пайызға жақсарды.

Ауылды аймақтардағы көрсеткіш 31,7 пайыздан 30,4 пайызға төмендеді.

2018 жылы 54,8 мың ажырасу тіркелді. Бұл 2017 жылмен салыстырған 0,3 пайызға көп.

Ажырасудың төрттен үші қалада орын алды (74,6 пайыз).

2019 жылдың бірінші тоқсанында некеге тұру көрсеткіші бойынша Түркістан облысы мен Алматы қаласы үздік шықты.

Үшінші орынға Алматы облысы жайғасты.

Ажырасу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы мен Алматы облысы. Үшінші орын Қарағанды облысына тиесілі.

ranking.kz