Спорт

«Торонто» алғаш рет чемпион атанды

Канадалық баскетбол клубы НБА чемпионы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018/19 жылғы маусымның финалдық кезеңінде "Торонто" алты кездесуде "Голден Стэйт Уорриорзды" жеңді. Серия 4:2 есебімен аяқталды.

1995 жылы құрылған "Торонто" клубы үшін бұл алғашқы финал және алғашқы чемпиондық атақ. Канадалық команда бұған дейін Атлантикалық дивизионда алты рет және Шығыс конференциясында бір рет жеңіске жеткен болатын.

Енді НБА лигасында, чемпион болып көрмеген бес команда қалды. Олар:"Финикс Санз", "Юта Джаз", "Бруклин Нетс", "Орландо Мэджик" және "Индиана Пэйсерс".

НБА-да ең көп чемпиондық атаққа ие болған команда ол - "Бостон Селтикс". Ол 17 рет чемпион болған.