Саясат

Досым Сәтпаев: Биліктен бұрын қоғамдық сананың транзиті басталып кетті

"Өкінішке қарай, ел қауіптенген нәрсе орын алды. Бұл туралы алдында желіде жазба жариялағам, сол айдай келді:

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Сайлау және онда шынайы таңдау жасау мүмкіндігі туралы жарияланды. Бірақ Қазақстанда бұл екі бөлек нәрсе, негізі.

Менің білуімде, бұл сайлаудың сценариі, оған кім қатысатыны, сайлауға кімдер баратыны, басты адам кім екені алдын ала белгіленіп қойған болуы керек. Оппозициялық алаңды «тазалап» қойды (қатыспайтын болды олар сайлауға).

Енді әкімдер бұйрық күтіп отыр. Сайлау комиссиясының төрағалары да бұйрық алады, бәрі сол бойынша жасалады. Билікті жақтаушы ойыншылар стандартқа сай үгіт-насихат жүргізеді. Онысы дайын да. Қалай дегенмен де әдет адамның екінші қалпы ғой. Одан ешқашан танбайды. Барлық мемлекеттік аппарат басқаша сайлау өткізіп көрген де емес біздегі. Басқашасы қолдарын да келмейді».

Міне, осы жазбада айтқандарым айдай келді.

Бірақ бұл сайлау халықтың санасында сілкініс барын, өзгеріс жасауға дайын екенін байқатты. 19 наурыздан кейінгі оқиғалар халықтың саяси белсенділігін арттырып, өзі бірнәрсені өзгерте алатынына көз жеткізгендей. Бұрынғыдай емес, осы жолы халық сайлауға белсенді түрде қатысты.

Сөйтіп елімізге өзгеріс керек екенін анық аңғартты. Ал жүрек қалауымен сайлауға алғаш рет бақылаушы боп қатысқандар саяси күрестің нендей екенін анық сезінді.

Енді бұрынғыдай бейқамдық, енжарлық деген жоқ, билік енді қанша тырысса да бұрынғы саяси әдетіне баса алмайды. Өйткені мәңгі нәрсе жоқ. Ең бастысы, биліктен бұрын қоғамдық сананың транзиті басталып кетті…"

Досым Сәтпаев