Саясат

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Кеңейтілген отырысы

Жаңа президенттің жаңа бастамаларын көтерген жиын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 13 маусым күні елордамыз- Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде көтерген ұтымды бастамалары мен алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында кеңейтілген отырысы өтті. 

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары Ю.Келигов, Ш.Пулатов, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

Кездесуді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Түймебаев ашып, басқарды. Шара барысында мемлекет басшысы атап өткен бірқатар маңызды басымдықтарды, мәселелерді  толыққанды бөліп көрсетті.

Сондай ақ,Түймебаев: «Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі - Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының басталу нүктесі болды.

Бұл сөз біздің азаматтарымыздың негізгі сұрауларына айқын және түсінікті жауап болды.» - деген пікір білдірді.

В.К.Божко,Ю.Х.Келигов,Ә.Қ.Ахметов,М.А.Споткай сынды кеңес мүшелері өз ойларымен бөлісіп,пікір алмасты

Жалпы алғанда, Ассамблея елдегі ағымдағы үдерістерге кең қоғамдық қолдау көрсетуі керек

Әлеуметтік үйлесімділік пен ұлттық бірлік мәселелеріне аса назар аудару қажет деген шешіммен аяқталды.