Саясат
Мәселе
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБіріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі басқармасы Қазақстан билігінің 9-10 маусым күндері азаматтарды ұстап, қамағанына алаңдаушылық білдірді. Ұйым Нұр-Сұлтанды адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды. Бұл туралы ұйым 12 маусымда жариялаған мәлімдемесінде айтады.
"9 маусымда өткен президент сайлауы кезінде және одан кейін Қазақстан билігінің бейбіт наразыларға, белсенділер мен журналистерге жасаған әрекеті көңіл құлазытады. Ой білдіру мен бейбіт жиын өткізу еркіндігі – ашық әрі дамыған қоғамның негізгі сипаты. Наразыларға нақты бір себепсіз кедергі келтіру тұрақтылық пен әлеуметтік бірлікке зардабын тигізеді" деп жазады БҰҰ адам құқықтары кеңсесінің Орталық Азия бойынша жетекшісі Ришард Коменда.
БҰҰ түрлі тәуелсіз дереккөз Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте 9-10 маусым күндері "кем дегенде мың адамның ұсталғанын хабарлады" деп жазады. Нұр-Сұлтан бейбіт жиын өткізу ережесін бұзғаны үшін 550 адамның жауапқа тартылғанын растаған. БҰҰ басқармасы "полиция бөлімшелерінде түнгі уақытта көбіне адвокаттың қатысуынсыз жедел соттардың өткенінен хабардармыз" деп жазады.
Коменданың сөзінше, бұл – Қазақстанның адам құқығы бойынша алған міндеттемелеріне айқын қайшылық. "Қазақстанды азаматтардың бейбіт жиын өткізу мен пікір айту еркіндігін сақтауға, азаматтарға конструктивті түрде саяси өмірге араласуға мүмкіндік беруге шақырамын" деп жазады ұйым өкілі.
Айта кету керек, бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевты жеңісімен құттықтаған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61