Саясат

Алматыда Тоқаевтың суретімен берілген «Менің президентім емес» деген баннер пайда болды

Алматы қаласы, Самал ықшам аудандарының тұрғындары бүгін Тоқаевтың суретінің үстіне таңбаланған орыс тіліндегі «Не мой президент» деген баннерді көздері шалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы айларда Алматы қаласы саясаттың ашық алаңына айналуда. Жеке пікірі мен азаматтық көзқарасы мығым қала тұрғындарының іс-әрекеттерінен барша республика жұртшылығы хабардар. Саяси мәтіндер, графикалық суреттер таңбаланған таратпа қағаздары, плакаттар, банерлер, ленталар қаладағы саяси науқанның көрнекі құралдарын толықтырғандай. Арт өнерін игерген белсенді Роман Захаровтың ҚР Конститутциясының үзігін негіз етіп алған плакатымен Виктор Цой ескерткішінің жанында сағаттап тұрғаны баршамызға аян. Қаладағы Әл-Фараби даңғылының үстіндегі өткелекке ілінген «Шындықтан қашып құтыла алмайсың!» ұран-сөзі халық арасында айтарлықтай толқыныс тудырды.

Ал бұл жолғы баннерда орыс тіліндегі банерді rukh2k19 әлеуметтік желі қолданушы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

- Авторитарный режим не привык к протестам и требует от народа признать очередные не легитимные выборы. Но Токаева никто не выбирал – это доказали события последних дней. Мы не будем покоряться фальшивой смене режима! Мы не признаем выборы президента легитимными. Мы не признаем их результаты. Токаев – не мой президент!-депқаріптеліпті қатқыл қағазда.

Қазақшаласақ, «Авторитарлы құрылым қарсыласуға көндікпегендіктен халықтан кезекті заңсыз сайлауды мойындауды талап етеді. Алайда, ешкім Тоқаевқа дауыс бермеді, соңғы күндердегі оқиғалар мұның айғағы. Біз құрылымның жалған ауысуына басұрмаймыз! Президент сайлауын заңды деп танымаймыз. Біз оның нәтижелерін мойындамаймыз. Тоқаев – менің президентім емес!» дегенге саяды.

Сурет «vlast.kz» сайтынан алынды.