Саясат
Наурыздың жиырма алтысы күні Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі бойында болған жол апатының себебі белгілі болды
Жолаушылар тасымалдаушы автобус өзінің алдындағы автобуспен соқтығысуынан жүргізуші мен жиырма алты жастағы жолаушы әйел қайтыс болған еді. Салдары ауыр жол апатын суреттейтін бейне интернет желісінде тарып, әлеуметке ауыр әсер етті. Алдын-ала болжам бойынша, жүргізушінің аяқ астынан жүрек қағысы өзгеріп, миының қан айналымы мен ішкі органдарына зиянын тигізген. Бұл тосын жайт апаттың басты себебі ретінде қарастырылып отыр.
Полиция мамандары мұншалық тергеу амалдарының ұзақ жүргізілуін жапа шеккендерді емдеу процесінің ұзаққа созылғандығымен байланыстырады.
33 адам зардап шекті, сондықтан тергеу амалдары ұзақ жүргізіліп жатыр. Оның алтауы ауыр, бесеуі орташа жарақат алған. Сараптама жүргізу үшін олардың медициналық карталарын алуымыз қажет, ал олар емдік шаралар толық аяқталғаннан кейін беріледі. Ендігіде зардап шеккендер соның негінде сотқа арыз бермек, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Тергеу басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Мұқанов.