Саясат

Тоқаев Жазушылар одағына су жаңа екі көлік сыйлады

Президент биыл мамыр айында Ұлықбек Есдәулетті қабылдаған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 15 маусым күні ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Қазақстан Жазушылар одағына қызметтік сапармен келді.

Кездесуде Аида Балаева ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын айтты, әрі шығармашылық тұлғалардың ел үшін атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің арнайы сәлемін жеткізіп, Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толуына орай мемлекет басшысы сыйлаған қос көліктің кілтін табыстады.

Биыл мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдаған болатын. Ал бүгін Жазушылар одағына үлкен сый жасап отыр. Осының бәрі Президент Тоқаевтің ел руханияты мен мәдениетіне баса мән беретінін көрсетеді.

abai.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61