Саясат

Мемлекеттен жалақы арттыруға миллиардтар бөлінді

Енді ақысы төмен қызметкерлердің жалақысы артады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы артады. 

"Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ, басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады", - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында. 

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 миллиард теңге көзделген.

"Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болды. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап - 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21 пайызды көрсетеді. Екінші мысал ретінде 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырамыз. Мәселен, 1 маусымға дейін ол 58 984 теңге алса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап жалақы 76 114 теңгені көрсетеді, бұл жерде жалақы өсімі - 17 130 теңге немесе 29 пайыз"", - деді ведомстводағылар. 

Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61