Саясат
Мәрзия Тұрлыханова
Бұл туралы Мәрзия Тұрлыханованың ұлы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов мәлімдеді.
Instagram желісіндегі парақшасында ол Мәрзия Айтбайқызымен қоштасу рәсімі 17 маусымда сағат 10.00-де Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде (Абай көшесі, 48а) өтетінін хабарлады. Ол 79 жасында қайтыс болды. Мәрзия Тұрлыханова Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ол көп жылдар бойы білім беру саласында жұмыс істеген. Оның жұбайы Болат Тұрлыханов - белгілі қазақ балуаны, республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Мәрзия Тұрлыханова - Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республиканың білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Өзінің еңбек жолын математика мұғалімі қызметінен бастаған. Содан кейін мектеп орынбасары және директоры болған. 1994 жылы көпсалалы қазақ гимназиясын басқарды.
Кейін өзінің "Болашақ" жеке мамандандырылған орта мектебінің бас директоры болды. 2000 жылдың басында танымал қазақстандық орындаушы Рахат Тұрлыханов, Мәрзия Тұрлыханованың немересі - "Асыл әжем" әнін орындаған.