Weekend

Түркістан облысының бір жылдығына орай Нұр-Сұлтанда «Төле би» телехикаясының тұсаукесері өтті

Мәдениет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Түркістан облысын  құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл Түркістан облысының құрылғанына  жыл толуына орай, Нұр-Сұлтан қаласында 10 сериялы «Төле би» фильмінің тұсауы кесілді.

Облыстың мақтанышы «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің бірлесіп түсірген «Төле би» телехикаясы өзінің тарихи салмағымен, мағыналық ауқымымен ерекшеленіп, көрерменді ұлтжандылыққа тәрбиелейді, төл тарихымыз бен ұлы тұлғаларымызды құрметтеуге шақырады.

Фильмде Ұлы бабамыз Төле бидің балалық шағынан бастап бүкіл Қазаққа Төле би атанған қарт кезіне дейінгі өмірі толық қамтылады. Фильмде данагөй Төле бидің Тәуке хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Бөгенбай, Қабанбай батырларлар секілді замандастарымен үзеңгілес болып, өз елінің, өз жерінің қамын жеген қаншама іс-әрекеттері кеңінен баяндалады.

Телехикая 10 сериядан тұрады. Әр сериясы 30 минуттан.

Режиссері - Батырхан Дәуренбеков, продюсері - Нуриддин Паттеев, көркемдік жетекшісі - Сатыбалды Нарымбетов, сценарий авторы - Бақытжан Құлжабай, Шойбек Орынбай, қоюшы оператор - Фуркат Саипов, композитор - Руслан Шынықұлов. Басты рольдерде - Абзал Төлен және Сағындық Жұмаділов.

«Төле би» телехикаясынан кейін балаларға тегін қайырымдылық акциясы ретінде «Ордабасы – бірлік туы», «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы» анимациялық мультфильмдері көрсетілді. 

Айта кету керек, кеше яғни, 13 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркітілдес елдердің рухани астанасының дамуы және жаңа жобалар» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік ОТАРБАЕВ, Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет ИСАБЕК, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ қатысты.