Саясат
Ашық пікір
Достар, менің кешегі постыма жазған комментарийлеріңізді оқып шықтым. Өкінішке орай, негізгі қалдырған жазбаларыңыз - билік бұған бармайды, негативті ойлар, мені аңқау деп тану, кепілдіктерді және т.б. талап етті. Соған байланысты түсініктеме бергім келеді.
Екіншіден, олар мені де алдай алады. Мені өмірде адамдар көп рет алдады, сондықтан мен өзімді басқа тараптың ойларын оқи алатындай соншалықты мықты деп санай алмаймын.
Үшіншіден, өз ақылыңызбен өмір сүріңіз. Маған соқыр сенудің қажеті жоқ. Сенім - ол сіздің сыни ойлауыңызды доғару керек дегенді білдірмейді. Барлығына күмән келтіріңіз.
Төртіншіден, мен тек қана бәрін барынша ашық түрде жасауға уәде бере аламын және тырысамын. Мен үдерiстiң ашықтығы мен мөлдiрлiгi үшін жауап бере аламын, бірақ мен нәтижеге кепілдік бере алмаймын. Радикалды алаңға шығушыларға менiң қарсы сұрағым бар:"Сендер алаңға шығып көтерiлiс жасағанда оның қансыз өтетiнiне кепiл бере аласыңдар ма?". Сiз де мен де бұл жағдайда ешқандай кепiл бере алмаймыз, бiрақ ендi амал әрекет жасамай отыруымыз керек пе?
Бесіншіден, мен жеңiске жетудiң мүмкіндігінiң аздығына қарамастан, бұнымен айналысамын. Мен барлық саяси өзгерістер бейбіт жолымен болуы үшін қолымнан келгенің бәрін жасаймын.
Алтыншыдан, мен де бәрін бірден болғанын қалаймын, бірақ мен реалист болғандықтан, артқа шегiнбейтiндей, бәрі біртіндеп және үдемелі түрде болғанын қалаймын.
Жетіншіден, қауіпсіздік жерде отырып, өзің ештеңе бiтiрмей, өз сөздерің үшiн және сол сөздерден кейін болатын зардаптарға жауапты болмай, ақылды да жақсы болу оңай.
Сондықтан тағы да барлық сенбейтіндерге айтатыным. Сөз емес, әрекеттерге сеніңіз. Миларыңызды өшірмеңіздер. Өз-өзiңiзге пір жасамаңыз. Амал әрекет жасаңыз. . Өз өміріңіз үшін жауапкершіліктi өз мойныңызға алыңыз, сонда ешқашан түңілмейсiз.
PS. Бiз бiрiншi жеңiстерден эйфориядамыз. Біз биліктің күшін қатты бағаламаймыз. Қытай соғыс өнерінде : «Дұшпандарды ешқашан жете бағаламаңыз, ал одақтастарды асыра бағаламаңыз" деген сөз бар.
Марғұлан Сейсембай