Саясат
Парсы шығанағындағы шабуыл мұнай бағасын 4%-ке көтерді
Қытапй президенті Си Цзиньпиң 14-ші маусымда Қырғызстанда Иран президенті Роуханимен кездесті және халықаралық ахуалдың өзгеруіне қарамастан, Қытай Иранмен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға күш салатынын айтты. Кездесуден бір күн бұрын Құрама Штаттар Иран Оман шығанағында екі танкердің шабуылға ұшырауымен тікелей қатысы бар деп айыптаған болатын.
Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен Шанхай экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқан Си Цзиньпиң Роханимен кездескенде: «Қытай мен Иран негізгі ортақ мүдделер мәселесі бойынша бір-бірін қолдайды, үйлесімділікті нығайтып, прагматикалық ынтымақтастықты тұрақты дамытады»,-деді.
13-ші маусым күні Иранның оңтүстігіндегі Оман шығанағында екі танкерге шабуыл жасалған еді. АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі бұл шабуыл Иран тарапынан жасалды деп көрсетті, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Помпео да шабуылдың артындаИранның тұрғанын атап өтті. Иран мұны жоққа шығарды.
Си Цзиньпинмен кездесу барысында Иран президенті Рохани Иранның «Бір белдеу және бір жол» жобасына белсенді қатысқысы келетінін және Иран мен Қытай арасындағы ынтымақтастық әлеуетін аша түсетінін айтты, сонымен қатар Қытайдың халықаралық қатынастардағы белсенді рөлін бағалайтынын және Қытаймен байланысты нығайтуға дайын екенін білдірді.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гың Шуанг жұма күні (14 маусым) тілшінің сұрағына жауап беріп: «Таяу Шығыстың Парсы аймағында соғыс болуын ешкімнің көргісі келмейді, сондықтан Қытай барлық мүдделі тараптардың диалог арқылы келіспеушіліктерді ақылдасып шешеді деп үміттенеді»,-деді.
Бейсенбіде болған танкердің шабуылға ұшырау оқиғасы әлемдік мұнай бағасының 4%-ке өсуіне себеп болды. Әрі Парсы шығанағындағы шиеленісті ушықтырды. Ақ үйдің өкілі Сандерс президент Трэмп брифингке қатысып,«жағдайды бағалауды жалғастырады» деді.