Экономика
АҚШ-қа қарсы саудалық тарифтерді көтеретінін жариялады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҮндістан жексенбіден бастап бадам және алманы қамтыған 28 түрлі американдық өнімге тарифтерді күшейтетінін мәлімдеді.
BBC News-дің хабарлауынша, Үндістанның АҚШ-қа қаратылған жаңа кедендік салығы кейбір тауарға 70%-ға дейін өседі. Бұл Вашингтонның Делиге болат пен алюминий импортында салған жоғары салықтан бас тартпауына жауап болды. Осы айдың басында АҚШ президенті Трамп Американың Үндістанға қаратылған жеңілдетілген сауда режимін тоқтататынын мәлімдеген болатын.
Үндістан өткен жылдың маусымында кедендің салық тарифтерін 120%-ке дейін жоғарылататынын жариялаған, алайда саудалық келіссөздер арқылы бұл шешеім кейінгеқалдырылған еді.
Жұма күні Үндістанның қаржы министрлігі бұл шешімді «қоғамдық мүддеге» саяды деп жариялады.
Бастапқы тізімде 29-шы қатарда Артемия деген асшаянның бір түрі болған, бірақ кейін бұл алынып тасталды.
АҚШ-тың көрсеткіштері бойынша, Үндістанмен арадағы сауда-саттық мөлшері 2018-ші жылы 142 миллиард долларға (111 миллиард фунт стерлинг) жетіп, 2001-ші жылдан бері жеті есеге өскен.
Алайда, АҚШ-тың Жалпыға Ортақ Қолдану Жүйесі (GSP) салдарынан бұрынғы салықтан босатылған 5,6 миллиард доллар болатын Үндістанның экспорттық өнімдері жеңілдіктен айырылды.
Бұл басқа елдермен әділетсіз сауда қатынастары болып келді деп есептейтін Трамп әкімшілігінің сол әділетсіздікті түзету үшін жасаған қазірге дейінгі соңғы қадамы болып табылады. Содан бері екі ел арасындағы шиеленістер барған сайын артып келеді. Өткен жылы Үндістан АҚШ-тың тарифтерді өсіруіне қарсы жауап ретінде алюминий мен болат сияқты бірқатар тауарға өз импорттық баж салығын көтерген болатын.
Президент Трамп егер Үндістан Ираннан мұнай сатып алатын болса, әрі Ресейдің С-400 әуе қорғаныс зымырандарын сатып алуды жоспарласа санкция енгіземіз деп қорқытқан еді.
Үндістанның соңғы тарифтері елдің Сыртқы істер министрі Субрагменьях Джайсанкардтың Жапонияда өтетін G20 саммитінде АҚШ-тық әріптесі Майк Помпеймен кездесуіне бірнеше күн қалғанда жарияланды. Сондай-ақ бұл жолғы саммитте Трамп Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модимен кездеседі деп күтілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61