Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүкіл қытай басшыларының психологиясын жақсы білемін

Бүкіл қытай халқының психологиясын жақсы білемін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Euronews эфирі арқылы кеңес берді.

Тоқаев Euronews арнасының "Глобальный диалог" бағдарламасында телеарна жүргізушісі Галина Полонскаяға сұхбат берді. Журналист ҚР президентінен АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы жайлы не ойлайтынын сұрады.

"Қытайларды тығырыққа тіремеу керек, өйткені қытайлар өздерінің бет-бейнесіне зор мән береді", – деді Тоқаев.

Тоқаев АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының Қазақстанға әсерін атады.

"АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына алаңдаймыз, өйткені Қазақстан Қытайға табиғи ресурс жеткізетін ірі экспортшы. Қазақстандық өнімдердің бағасы арзандауы мүмкін, негізгі тәуекел осында. Сондықтай Қытай мен АҚШ ерте ме, кеш пе, бір келісімге келеді деп есептеймін. Қытай басшыларының, бүкіл қытай халқының психологиясын жақсы білемін, сондықтан бір келісім жасалады деп ойлаймын", – деді Тоқаев.

today.kz