Экономика
Ресеймен шекаралас аймақта бензин бағасы күрт өсіп кетті
Ол Ресейде бензин бағасының қымбат болуынан жанармай тапшылығы орын алып жатқанын айтты.
«Ресеймен шекаралас аймақта жанармай бағасы күрт өсіп кетті. Егер үш миллион халқы бар Түркістан облысы мен 700- 800 мың халық тұратын Қостанай немесе Батыс Қазақстан облысымен салыстыратын болсақ, соңғы екі облыста бензинге деген сұраныс көп. Бұл жанармайдың әрі қарай Ресей асып жатқанын білдіреді. Сондықтан шекараны қатаң бақылауға алу керек», - деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.
Энергетика министрінің бұл ұсынысы бүгін өтетін үкімет отырысында талқыланбақ.
Дереккөз; qazaqtimes.com