Саясат

ХАТУ(IITU) университетінің бұрынғы ректоры қамауға алынды

Білім саласындағы басшылық мәз емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында бұрынғы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Дамир Шыныбеков 29 мамыр күні екі ай мерзімдегі қамауға алынған. Ол ҚР Қылмыстық кодексі 189 бабы бойынша ірі көлемде біреудің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу бойынша күдікке ілінген.

Осыған дейін қорғаушы тарап апелляциялық арыз берген, алайда Алматы қаласының қалалық соты үкімді өз күшінде қалдырған.

42 жастағы Дамир Шыныбеков 2009 жылдан ректор қызметін атқарып, 2017 жылы Алматы қаласының мәслихат депутаты атанған болатын.