Саясат
Соңғы жылдарын Мохаммед Мурси түрмеде өткізген
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМысырдың экс-президенті және исламдық "Мұсылман ағайындар" ұйымының бұрынғы басшысы Мохаммед Мурси қайтыс болды. Мысырдың мемлекеттік телевизиясы хабарлағандай, 67 жастағы Мурси, өзіне байланысты сот процесі өтіп жатқан кезде қайтыс болған.
Мохаммед Мурси - 2012 жылы болған бәсекеге толы демократиялық сайлау барысында, Мысыр тарихында жеңген алғаш президент. Ол "араб көктемі" кезінде тақтан түскен Хосни Мүбәрактың орнын басқан. 2013 жылдың шілдесінде, әскерилер төңкеріс жасап, Мурсиді биліктен кетіреді. Оның орнына қазіргі президент Абдул-Фаттах ас-Сиси келді. Ас-Сиси "Мұсылман ағайындар" ұйымын террористік ұйым деп атап, қудалауға ұшыратты.
2015 жылдың сәуірінде Мурси 20 жылға сотталады. Оған президенттігі кезінде, ереуілге шыққандарды қинап, тұтқындады деген айып тағылған болатын. Осылайша, соңғы жылдарын ол түрмеде өткізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61