Weekend

Қытай халқы қарқынды түрде азаюда

БҰҰ арнайы баяндамасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

БҰҰ-ның сарапшылары Жер халқының өсу динамикасына қатысты баяндама жасады. 2050 жылы Жер халқының саны 10 млрд адамды құрамақ. Аталмыш өсім жердегі түрлі мәселелерді қозғап, ірі қақтығыстарға алып келмек. 

"Алдағы 30 жылда әлем халқы қазіргі 7,7 млрд тұрғыннан 9,7 млрдқа жетпек. Ал ХХІ ғасырдың соңында халық саны 11 млрд болатыны анық", - дейді сарапшылар.  

«2027 жылы Үндістан халық саны жағынан Қытайды басып озып, әлемдегі ең халқы көп елге айналады», — делінген баяндамада. Сарапшылар әлем жұртшылығы қарайып барады, оған адам өмірінің ұзаруы мен медицинаның дамуы әсер етіп отыр дейді. Сонымен қатар әлемде халық саны қарқынды түрде азайып жатқан елдер де баршылық. "Әсіресе Ресей халқы 2050 жылға дейін 11 млнға азаймақ. Қытайдың да азаю көрсеткіші бірнеше пайыздан астам болмақ", - дейді БҰҰ сарапшылары.