Hi-Tech
Микротолқынды пеш ұялы телефоннан да қауіпті екенін білесіз бе?
Жапония 2020 жылдың соңына дейін микротолқынды пештен толық бас тартпақ! Себебі асыққанда асты тез жылытатын, қажет десеңіз шұғыл тағам әзірлеуге болатын микротолқынды пеш адам ағзасына орасан зор қауіп төндіреді екен. Алайда мұны бұқараның бірі білсе, бірі біле бермейді.
Микротолқынды пештерді тексерген мамандардың сөзінше, бұл техника 10 сантиметр қашықтықта 10 микроватт/см квадраттан артық сәулелендірумеуі тиіс. Алайда кейбір пеш түрлері 61,3 микроватт/см квадрат сәуле шығаратыны белгілі болды.
Микротолқынды пештен шығатын сәулелі толқындар жүрек, жүйке және эндокриндік жүйені зақымдайды. Ағзадағы сау жасушаларды сәулелендіріп, қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін екен.
Сондықтан ең дұрысы, электрлік немесе газ пешті қолдану керек.