Bugin
Тарихтағы тұңғыш Қазақстан шахматшысы
Бұған дейін Қазақстанның шахмат тарихындағы спортшылардың арасында төртінші раундқа дейін жеткендері болмаған. Мұндай дәрежеге алғаш рет Жансая Әбдімәлік жетті.
«Ересектер арасында қатысып жатқан алғашқы чемпионатым. Маған оңай болмайтынын түсіндім. Себебі қарсыластарым – тәжірибелі, титулы көп спортшылар. Бұған дейін жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгілердің арасында әлем чемпионатында жеңгенмін», - деп бөлісті Жансая.
Ханты-Мансийскідегі «Угра» шахмат академиясына әлемнің 29 елінен 64 үздік спортшы Әлем чемпионы атануға жиналды. Жарыс нокаут-турнир жүйесі бойынша өтіп жатыр. Яғни, ойыншы бір рет жеңілсе, жарыстан шығып қалады. Әр раунд сайын қатысушылардың саны екі есе азая береді.