Weekend

Тарбағатайды әлем таныды

Тарбағатай өңірінде халықаралық фестиваль

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыстың тарихқа толы Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында "Тұғыры биік Тарбағатай " атты мәдени және спорт халықаралық фестивалі тек Шығыс емес Республикалық деңгейде дүркіреп өтті. Мәдени іс шара Ырғызбай әулие кесенесінде 14- маусым күні облыс әкімі Д. Ахметовтың салтанатты түрде  ашып беруімен басталды. Есімі Шығысқа мәлім емші Ырғызбай Досханаұлы жайлы көбі біле бермейді. Емшілігімен көріпкелдігі қатар жүрген Ырғызбай кезінде ауыр науқастанған Абайдың әкесі Құнанбай қажыны аяғына тұрғызған екен. Сондықтан болар ел ішінде "Ырғызбай болмаса Құнанбай қайда, ал Құнанбай болмаса Абай қайда" деген сөз қалған. Фестивальдің ашылу салтанаты Ырғызбай әулие жерінде өтті. Облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы келіп, құттықтауын жеткізді.

Бағдарламаның алғашқы күнінде облыстық ақсақалдар кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

"Ақсақалдар институты - имандылықтың мектебі" форумында аға буын өкілдері өмірлік тәлім тәжірибені елге, халықтық игі дәстүр мен салт-сананы үйретуге, аталы сөз айтып туыстық, бірлік пен елдікті сақтауды насихаттады. 

Кеш соңында әулие Ырғызбай Досханаұлына арнап ас берілді.

Екінші күні Әлемнің 28 елінен келген үздік балуандар бақ сынасты. 84 балуан өзара белдесіп Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан,Қазақстан елдерінің алыптары ақтық сынға шықты. Барша қазақтың рухын көтеретін қазақ күресі спорт түрін әлемдік деңгейге көтеру үшін, оны ел ішінде кеңінен дамыту аса маңызды. Күннің шақырайып тесіліп тұрғанына қарамастан алаңға жиналған халықта қисап жоқ.

70 кг салмақта 3 - орын Молдава, 2 - орын Қазақстан, 1- орын Грузия елінің дарабоздары жеңімпаз атанды.

80 кг салмақта 3 - орын Қазақстан, 2 - орын Грузия, 1- орын Тәжікстан мемлекетінің тарландары иеленді.

80 кг жоғары салмақта 3-орын Грузия, 2 - орын Өзбекстан елдерінің спортшыларына бұйырды. Ал Шығыстық барыс Айбек Нұғымаров аталмыш додада топ жарды. Кеш бата аяқталған доданың мараппаттау рәсімінен кейін, аз үзіліс жасап жел басталғанына қарамастан бокс басталды.  Жарысты Қанат Ислам құрған «Қазақ промоушн» клубы ұйымдастырды. Жарыс енді басталғанда алапат дауыл тұрып, шелектеп жаңбыр құйып кетті. Жарыс ашық алаңқайда өтіп жатқандықтан далада жүрген халық өте көп болатын, жаңбыр құйғанда біразы далада тұрып қалса біразы аудандар жағалай, арнайы қонақтар үшін тігіп қойған қазақ үйлерге жан сауғалады. Бізде нешеме күнен қонақ етіп жатқан Жарма ауданының журналисттерге дайындаған қазақ үйінде отырдық. Бізбен қатар балалы әйелдің емшектегі сәбиімен отырғанына куә болдық. Жаңбыр басылған соң далада ызғар болса да  халықтың әлі кетпей тұрғанына бір шетінен сүйсініп бір шетінен қыздай құбылған ауа-райына аздап қапа болдық. Былғары қолғап бәсекесіне әлемдік рингте бағын сынап жүрген Украина және Молдава  елдерінен гүрзі жұдырықты жігіттер қатысты. Ауқымда жарыста қатысушылар 57, 69, 72, 91 кг жоғары салмақта қолғап түйістірді. Ақсуат шаршы алаңында барлығы бес жекпе-жек ойналды.   Жекпе жек қорытындысында 69 және 91 кг арландар рингте тең түсіп, 57 кг Бексұлтан Равшанов, 72 кг Сапарбай Айдаров , 91 кг Эльдар Қамшыбековтер қарсыластарынан басым түсті.

Келесі күні елді елең еткізетін сенсациялық жаңалық Қазақстанда болмаған 140 шақырымдық алғашқы бәйге өтті. "Ұлы дала қазанаты" халықаралық бәйгесіне 100-ден аса жүйрік қатысты. Қазанат - қазақтың қазынасы, ердің қанаты. Азаматтың ары мен намысын қолдан бермеген қазанаттары ұлы дала жерінде үлкен рөл атқарған. Көкпекті жерінен бәйгеге қосылған арғымақтар ішінен 40-қа жуығы суырылып шығып сегіз сағат бойына, 140 шақырымды артқа тастап Ақсуат жерінде мәреге алғашқы келген 9 қазанатқа жүлде қоры белгіленген.

1-орынға Тарбағатай ауданының "Қызкүрең" атты сәйгүлігі ие болды.

2-орынға Катонқарағай ауданының, ал 3- орын Үлкен Нарын ауылының жүйріктеріне бұйырды.

Бәйгеде 1- ші және 2-ші   болып келгендерге темір тұлпардың кілттері табысталды. Қалған қатысушыларға қаржылай сыйлықтар берілді.

Бәйгеден кейін қайта алаңға жиналып айтыс көруге құлшынған халық жинала басталды. Айтыс үш күнге созылған «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды. Айтысты жүргізуші Жүрсін Ерман, елге белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық жыр додасы осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Айтысқа Сырым Әуезхан, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Қанат Мырзахан, Дулат Шідерин, Нұрмат Мансұров, Аруна Керімбек, Аспанбек Шұғатаев, Моңғолиядан Айдос Рашат, Қырғызстаннан Ақжолтай Қанатбекұлы, Қытайдан келген Ерлан Аманқожаұлы сынды ақындар қатысып, бақ сынады.

Айтыс қорытындысында Ерлан Аманқожаұлы бас жүлдені (2 млн теңге) жеңіп алды. Тараздық Қанат Мырзахан бірінші (1 млн теңге), батысқазақстандық Жансая Мусина екінші (700 мың теңге), алматылық Рүстем Қайыртайұлы үшінші (500 мың теңге) орынға ие болды. Жыл сайын табысталатын арнайы стипендия (2,4 млн теңге) биыл Аспанбек Шұғатаевқа берілді. Нешеме күнен бері дүбірлеген Ақсуттың түні Мұз-Арт тобының гала концертіне ұласып, аспанға от шашумен аяқталды. 

Ақсуат-Тарбағатай-Алматы