Weekend
Болжам жасалды
БҰҰ алдағы онжылдықта адамзатпен не болатыны туралы өз болжамын берді. Жер планетасының халқы өседі ме?
БҰҰ өкілдерінің баяндамасында айтылғандай, алдағы отыз жылда Жер планетасының халқы 2 миллиардқа жуық артады. Шамамен 9,7 миллиард адам болады екен. Бұдан әрі, 2050 жылдан кейін адамдардың саны артады. Рас, тез емес. 2100 жылға қарай жер бетінде 11 миллиардқа жуық адам өмір сүреді деп күтілуде.
Бұдан басқа, БҰҰ болжамы бойынша Үндістан келесі он жылда әлемдегі халықтың тығыздығы жоғары, Қытайды басып озған мемлекеттің атағын алу мүмкіндігіне ие. Бұл оқиға 2027 жылы орын алуы мүмкін.
Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Танзания, Индонезия, Египет және Америка Құрама Штаттар халық санының ең көп өсуі бар тоғыз ел болады екен.
Болжамда егде жастағы адамдардың үлесі жоғары болатынын туралы айтылады. БҰҰ мәлімдегендей, Еуропа мен Солтүстік Америка тұрғындарының төрттен бірі 65 жастан асқан болуы мүмкін. Сондықтан алдағы онжылдықтарда егде жастағы адамдардың үлесі елдердің қаржылық қысымын күшейтеді. Бұл қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерінің, зейнетақылар мен әлеуметтік қорғаудың қымбаттауына байланысты болады.
P.S. Өз тарапынан сенімділікпен қараймыз - қазақ халқының болашағына! Құдайға шүкір, қазір елде бала туу жақсы деңгейде болып жатыр және жастардың үлесі жылдан жылға көбейп жатыр. Жаңа ел басшысы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін, зейнетақылар мен әлеуметтік қорғаудың мәселелеріне әрдайым мән береді сеніміміз мол!