Экономика
Негіздемелік келісімге сәйкес, Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 112,6 млрд. теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан жеңілдетілген несие алу туралы келісімді мақұлдады. Енді Қазақстан Қытайға 20 жыл несие төлейтін болады.
Бұл құжатқа алғаш Бейжіңде өткен кездесу барысында экс-президент Н.Назарбаев қол қойған. 2018 жылдың 7-маусым күні өткен кездесуде қос тарап сауда-саттық, инвестиция мен индустрализация, ауыл шаруашылығы мен көлік-транзиті секілді салаларды талқылаған.
«Біз алғашқы бес жылда тек пайыздық мөлшерлемені төлейміз. Ал, қарыздың негізгі сомасын алтыншы жылдан бастап, соңғы 20 жылға дейін өтейтін боламыз», - деді қаржы министрі.
Еске сала кетейік, бұл қарыз ЕЭО-ның сыртқы шекарасындағы қазақстандық учаскеде өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында алынған.