Саясат
Олар қандай қызмет атқарады?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖаңа президент еліміздегі министрліктерге өзгеріс енгізді. Министрлердің бірі қызметін сақтап қалса, бірі отставкаға кетті. Сонымен қатар екі жаңа министрлік пайда болды. Енді елімізде 17 министрлік бар. Бүгін Қазақсанда қандай министрліктер бар және оларды кімдер басқаратынына жеке-жеке тоқталып, талқылауды жөн көрдік.
Елімізде сауда және интеграция министрлігі мен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Мемлекет басышысының жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов сауда және интеграция министрі болып тағайындалса, Мағзұм Мырзағалиев экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне келді.
ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметтерінен босатылды. Осылайша ҚР білім және ғылым министрлігіне Асхат Аймағамбетов, ҚР мәдениет және спорт министрлігіне Ақтоты Райымқұлова басшылық етеді. Сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сандық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі болып өзгертілді. Жаңартылған министрлікті Асқар Жұмағалиев басқарады.
Бақыт Сұлтанов басшылық ететін ҚР сауда және интеграция министрлігі
Қазақстандық тауарларды әлемдік нарықта жылжыту үшін саясатты күшейте түсіп, ішкі нарықты сапасыз импорттық тауарлардан қорғау шарасын жоғары деңгейге көшіру қажет. Сол себепті министрлік ішкі және сыртқы сауда саясатын, халықаралық экономикалық интеграцияны қадағалайды.
Мағзұм Мырзағалиев басшылық ететін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Қоршаған ортаның мүшкіл хәлі экологиямен байланысты. Сол себепті жаңа министрлік қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, су ресурстарын, елді-мекендерді сумен жабдықтауды, суды бұруды, орман шаруашылығын, мемлекеттік геологиялық зерттеуді, минералдық ресурстарды молайтуды бақылайды.