Саясат
Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы
«Қазір ғана Зангиатадан келдім (Гүлнара Каримова жазасын өтеп жатқан түрме – редакция). Клиентімнің жағдайы ауыр. Қан қысымы жоғары. Бір аяғы таңулы. Ем жоқ. Менің мемлекетке бір ғана сұрағым бар: Зангиата, неге, қашанға дейін? Бассыздықты тоқтатыңдар!».
Бірер күн бұрын Гүлнараның қызы Иман Каримова Instagram парақшасына Өзбекстан бас прокуроры мен арнайы қызмет басшысына жазған хатын жариялады. Онда түрме басшылары анасына психологиялық, физикалық қысым көрсетіп жатыр деген.
Бірақ Өзбекстан бас прокуратурасы мұның бәрін теріске шығарды.