Саясат

«Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасады» Борис Жапаров Тоқаев туралы пікір білдірді

Саяси бағдарлама

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қалалық демократиялық күштер коалициясының мүшелері елімізде өткен президенттік сайлау нәтижиелері мен  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарламасын  талқылады.

 «Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды жаңа белестерге көтереді. Елбасының бастамасын әрі қарай жүргізіп, халықтың әл-ауқатын оңалтуға аянбай еңбек ететін тұлға», -деді  «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшесі  Борис Жапаров.

Демокартиялық күштер коалияциясының  мүшелері  бүгінгі күні  еліміздің алдында  жаңа саяси кезеңдер мен реформалар күтіп тұрғанын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш мақсат: сабақтастық, әділеттілік, өрлеу  тұғырнамасын жүзеге асыру  мақсатында еліміздің барлық аймақтарында құрылған демократиялық күштер коалициясының мүшелері өз үлестерін қосады»,-дейді «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Жазылбеков. 

inform.kz


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61