Weekend

Жапондықтарға балаларын ұруға тыйым салынды

Бұндай шешімді Жапония үкіметі қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапония Парламенті сәрсенбі, 19 маусымда, тәртіпке бағынбаған балаларға физикалық күш қолдануға тыйым салатын заңды қабылдады. Бұл туралы The Mainichi хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, бұл заң бойынша балаларға олардың теріс қылықтары үшін дене күшін қолдануға тыйым салынады, сонымен бірге, бұл тәртіпті бұзған ата-аналар үшін жаза қарастырылмағанын нақтылайды. Жергілікті билік органдары мен балаларды қорғау орталықтары қатыгез қарым-қатынаста байқалған ата-аналармен немесе қамқоршылармен өз бетінше жұмыс істеуі тиіс. Атап айтқанда, олар жағдайға белсенді араласып, медициналық және психологиялық сараптамалар негізінде ұсыныстар бере алады.

Бұл ретте балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік қорғау қызметінің қызметкерлері, кәмелетке толмағандардың туыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерден бөлек жұмыс істейтін болады. Жаңа заң 2020 жылдың 1 сәуірінде күшіне енеді.