Саясат
Еуропа қазақтарының Тоқаевқа ашық хаты!
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚұрметтi Тоқаев мырза, Европа елдерiнде тұрып жатқан қазақ қауымы Сiздi Қазақ Елiнiң Президентi болып сайланғаныңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алыста жүреген 5 млн. қазақтың жанына батып жатқан кешегi Елiмiздегi уақиғаға көңiл аударуыңызды талап еткiмiз келедi.
Сiз 15 жылдан аса БҰҰ-да қызмет атқардыңыз, бүкiл дүние жүзiнде бостандық, демократия, адам баласының құқығын сақтау, адам баласының ойын тыңдау деген ұғымдар Сiз үшiн бос сөз емес екенiн бiлемiз.
Мұның арты жақсылыққа әкелiп соқпайды, қантөгiстi ешкiм қолдамайды, бiрақ халықтың төзiмiнiң де шегi бар, оны бүгiн түсiнген жөн, ертең кеш болады.
Шетте жүрген 5 млн. қазақ бiрiншi қазақ халқымен бiрге, содан кейiн Сiзбен бiрге. Осы тығырықтан шығу жолында бiз қол үшiн созып, көмек көрсетуге дайынбыз.
Серік Тұрсын facebook парақшасынан алынды
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61