Спорт

Мишель Платини бостандыққа шықты

Платиниден бар айыптар алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

УЕФА президенті Мишель Платини қамаудан босатылды деп, хабарлайды шетелдік БАҚ өкілдері. 18-ші маусым күні Платини 2022 жылы өтетін әлем чемпионатына байланысты коррупцияға қатысы бар деген айыппен Парижде ұсталған болатын.

Тергеу жұмыстары бірнеше сағатқа созылып, УЕФА басшысын сол күні босатқан. 63 жасар француз адвокаты Уильям Бурдонның айтуынша, клиентінің кінәсіздігінен бостандыққа шығарылған. Алайда, швейцар прокуратурасының мәлімдеуінше, Платини ісіне байланысты тергеу жұмыстары толығымен әлі аяқталмаған, егер жаңа дәлелдер табылған жағдайда сот алдында жауап беруі мүмкін.

Еске сала кетсек, Мишель Платинидің ісі бойынша 2017 жылы да тергеу жұмыстары жүргізілген.