Саясат

Түркістаннан Нұр-Сұлтан қаласына ауылшаруашылық өнімдерінің керуені жөнелтілді

Түркістан облысында өндірілген ауылшаруашылық өнімдері керуені Нұр-Сұлтан қаласына жол тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жолға шыққан жүк көліктеріне жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайтын 243 тонна өнім тиелген.

Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, керуен Нұр-Сұлтан қаласына жеткеннен соң өнімдер жәрмеңке қойылады.

Айта кетерлігі, жаңа облыстың құрылғанына 1 жыл толуына орай, ағымдағы жылдың маусым айының 22-23 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы тауарөндірушілері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Аталған жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші 243 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Өнімдердің жалпы құны 123,5 млн. теңгені құрайды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базардағы бағадан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жәрменкедегі ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 52,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 97,8 тонна, сүт өнімдері – 18,5 тонна, бақша өнімдері– 36 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 14,7 тонна, алма шырыны – 6 тонна, балық – 5 тонна, әсел - 2 тонна және 10,5 тонна өзге де ауыл шаруашылғы өнімдері бар.