Саясат
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы Ақбала Өмірзақованың жанұясы баспаналы болды
Жылдар бойы пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары - 1999 жылы мектепті бітірген түлектер 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады.
Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлап, жергілікті көпбалалы ананы қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар, өздерінің сыныптастары Ақбала Өмірзақованың үйіне көрімдік ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, көмек көрсетті.
Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова сыныптастарына алғысын білдіріп, өзризашылығын жеткізді. Айта кететіні, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. олардың төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі болса дайындықта оқиды. Жалпы, Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап жатқан азаматтар жетерлік.