Саясат

Шұғыл: Ақмола облысында АН-2 ұшағы құлады

Әуе кемесінің командирі қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

20 маусымда шамамен таңғы сағат 9:00-де Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты орын алды – авиахимиялық жұмыстар үшін пайдаланылатын АН-2 ұшағы құлады.

Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты, екінші пилот пен техник ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның себебі анықталуда.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігің ақпаратына сәйкес, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіледі.

Zakon.kz