Саясат

Адам санын түрлі аурулар мен соғыстар арқылы азайту қалай жүріп жатыр?

Жер бетіндегі адам санын 1 млрд 400 миллионнан асырмау керек...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты қоныстандыру есебі бойынша, 2050 жылы Жер халқының саны 9 млрд адамды құрамақ. Ал алдағы 30 жылда әлем халқы қазіргі 7,7 млрд тұрғыннан 9,7 млрдқа жетпек. Күн санап артқан халық санын жер қалай асырамақ?

Егер, «өсу» процесі тоқтамаса адамзат қайтіп күн көрмек? Жер шары 1 миллиард адамды ғана қамтамасыз ете алатындығы қаншалықты рас? Ол үшін қандай іс-әрекеттер жасалуда?

XIX ғасырда өмір сүрген Британ экономисі Томас Мальтустың жер бетіндегі адам санын реттеуге байланысты идеясы «Мальтус теориясы» ретінде ғылымға енген.

«Жер бетіндегі адам санын 1 млрд 400 миллионнан асырмау керек» деген Мальтустың пікірін ұстанушы теоретиктер және осы пікірді жақтаушылар адам баласының соғыстан, аштықтан және жұқпалы аурудан қырылып отыруын қажетті механизм ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, жер бетіндегі адамзаттың саны саналы түрде қолдан реттеліп отырылуы тиіс. Әлемдік жаңа тәртіп – бірыңғай әлемдік үкімет саясатының тіпті биылдың өзіне арналған осындай жоспарлары бар екен.

Ғалымдар б.з.д. 5 мыңжылдықта жер шарында 40 миллион адам, біздің жыл санауы­мыздың басында 200 миллиондай адам ғана өмір сүргенін айтады. Ал адам баласының қарқынды түрде өсуі ХХ ғасырдың екінші жартысында басталыпты. Егер де осы қарқынмен өсетін болсақ, БҰҰ сарапшыларының жорамалы бойынша, жаһан тұрғындарының саны 2050 жылы 9 миллиардқа жетеді екен.

Қазіргі таңда, әлем халқының үштен бірін құрайтын екі мемлекет: Қытайда 1,3 миллиард, Үндістанда 1,21 миллиард, сонымен қатар 16 елде 80 миллионнан астам халық өмір сүріп жатыр. Әрине, қай мемлекетті алып қарасақ та, экономикасын дамытып, халқының санын өскенін тілейді.

Дегенмен, адам санының көбею салдарынан дүниежүзінде 925 миллион адам тойып тамақ ішпей, үнемі ашқұрсақ жүреді. Дүниеге келген әр 100 сәбидің 97-сі жарлы-жақыбайлар тұратын елдердің қатарында болса, 67 миллион баланың білім алуға мүмкіндігі жоқ. Қала берді, әр жерде болып жатқан зілзала, сұрапыл су тасқыны, өрт, емі табылмаған дерт те бар

1 миллиард есебі қалай жүргізіліп жатыр?

Бірінші, күнделікті пайдаланып жүрген тағамдарымыз. Дүкен сөрелерінен ГМО-сыз өнімдерді сирек көретініміз рас. Ғалымдар, 7 миллиардтан астам халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, аштықтан зардап шегіп отырған елдерді аман алып қалу, ГМО-ға деген сұранысты арттыруда деп ақталса, қарапайым халық оның залалына зер сала бермейтіні анық. Егер ГМО тағамдары шынымен де халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында өндіріп жатса, неге Австрия ГМО-дан толық бас тартты? Греция, Польша, Швейцария, қала берді Украина «Украина аумағын гендік модифицерленген организмдерден азат деп жариялау туралы» заң жобасын неліктен дайындады? Ал Ресейде ГМО-ны бақылайтын заң 10 жыл бойы жүзеге асып келеді. Тіпті, кез келген азық-түлікті өндіруші немесе сырттан әкелуші компания құрамындағы ГМО қоспасы жөнінде ақпарат беруге міндетті. Қарап отырсақ, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны» анық. Шындығында, зерттеушілер ГМО тағамдары өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуына, асқазанның сілемейлі қабатының құрылымының бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне, ісік ауруларының көбеюіне себеп болады десе, шетел ғалымдары гені өзгерген өнімдерді жегеннен адам ағзасында өзгерістер пайда болып, ұрпақ жалғастыра алмайтынын дәлелдеген.

Екінші, «гейлер» мен «лесбилердің» насихатталуы. Шындығында, бұл да бір жүзеге асырып отырған саясат па деп қаласың. Себебі, екі еркек өзара махаббат құрса, кемінде екі отбасы отағасыз қалмақ. Демек, ұлт ұрпағын жалғастырушы ұрпақ саны азаймақ. Бұл дегеніміз, күн сайын артқан адам санын жоюға арналған таптырмас әдістің бірі. Сондықтан да, батыс елдері гомосексуалистерді ашық түрде қолдай отырып, оларға арналған арнайы заң қабылдап, жетімдер үйінен бала тәрбиелеуге рұқсат берген.

Үшінші, қолдан жасалып жатқан вирустық аурулар. Билл Гейтс: «Алдымен біз халықтың санын көбейтіп алдық. Бүгінде әлемде 6,8 миллиард адам бар. Бұл сан шамамен 9 миллиардқа дейін көбейеді. Енді егер біз жаңа вакциналар, денсаулық сақтау, репродуктивті денсаулық саласы бойынша үлкен жұмысты қолға алсақ, халықтың санын 10 немесе 15 процентке қысқарта аламыз», — деп әлемге ашық түрде мәлімдеме жасаған екен. Ал вакцина гендік модификацияланған клеткалардың негізінде әзірленген препарат. Құрамында сынап тұзы, алюминий гидрооксийі, формальдегид, фенол, жануарлар мен түсікпен түскен балалардың эмбриондары, сондай-ақ табиғатта кездеспейтін, зертханаларда алынған вирустар бар екен. 

Төртінші, жаһандық соғыс. ХХ ғасырдағы Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен әлемде 250 млн адам көз жұмыпты. Орта есеппен 40 жыл ішінде күн сайын 12 мың адам өлген болып шығады.

Бұл сан әдістің сараланғаны ғана. Сіз қалай ойлайсыз?